Шымкент
Финалисттердің өмірбаяны
Иван Родионов
Ресей Федерациясы, Иркутск облысында дүниеге есігін ашты. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында тұрады. Анасы зейнеткер, әкесі жоқ. Әпкесі сауда өкілі болып жұмыс жасайды. Иван балалар футбол бапкері болып табылады.
Өтепберген Мырзабеков
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде туылған. Отбасында 6 адам. Әкесі жеке кәсіпкер. анасы үй шаруашылығымен айналысады. Үлкен ағасы жеке кәсіпкер, екінші ағасы жүргізуші, және үшінші ағасы студент. Қазіргі таңда Өтепберген В.Комаров атындағы ЖОМ мектеп оқушысы.Кәсіпқой футболшы болу үшін сынақтардың барлығынан өтуге дайын.
Нұрдаулет Сакенов
Шымкент қаласында тұрады. Отбасында 5 адам. Әкесі архитектор болып жұмыс жасайды, ал анасы педагог-психолог қызметін атқарады. Екі әпкесі бар. Қазіргі таңда университет бітіріп жатыр.
Ерасыл Марат
Шымкент қаласында туып өсті. Анасы мектепте орыс тілінен сабақ береді. Әкесі жұмыссыз. Екі ағасы және әпкесі бар. Ерасылдың өзіне келетін болсақ, ол университетте оқып жатыр, және футбол үшін оқуын құрбан етуге дайын.
Қасиет Оңғарбек
Жезқазған қаласының тумасы. Қазіргі таңда Леңгір қаласында тұрып жатыр. Әкесі бұрынғы полиция қызметкері, ал қазір зейненткер. Анасының гидрология мансабын оқыған, бірақ қазір үй шаруышалығымен айналысуда. Екі бауыры бар. Қасиет профессиясы бойынша дене шынықтыру мұғалімі, дегенмен қазір жұмыссыз. Басты мақсаты - кәсіпқой футболшы болу.
Дани Назарбаев
Дани Шымкент қаласының тумасы. Отбасында 5 адам бар: әкесі, анасы, екі ағасы және Данидің өзі. Әкесі - Сансызбай Жұмаханов - кезінде кәсіпқой футбол ойнаған шымкенттік футболдың аңызы. «Мелиоратор», «Жігер» және «Шахтер» сияқты клубтарда және Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен. Анасы косметика саласында жұмыс жасайды. Үлкен ағасы «Ордабасы» клубының түлегі, бүгінгі таңда «Оқжетпесте» өнер көрсетуде. Екінші ағасы бұрын кәсіпқой дзюдомен айналысқан, ал қазіргі таңда бапкер болып жасайды. Дани өзі балалар футболының бапкері болғанмен, «Super Bol» жобасына қатысып, кәсіпқой келісім-шартқа отыратынына үміті зор.
Дастан Баймаханов
Дастан Шымкент қаласында туып өскен. Анасы дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Екі ағасы және әпкесі бар. Дастан осы жылы 11-ші сыныпты бітірді. Болашаққа жоспары футболшы болу, яғни бала кезінен келе жатқан арманын орындау.
Мақсат Амангелдиев
Мақсат Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент елдімекенінде туып өскен. Отбасында анасы екеуі ғана тұрады. Анасы жеке кәсіппен айналысады. Өзі Мардан Сапарбаев атындағы университетте дене шынықтыру мамандығының 2 курс студенті. Бала кезіндегі арманы - кәсіпқой ойыншы болу, және сол арманына жету үшін бәріне дайын.
Нұрхан Төрехан
Нұрхан Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елдімекенінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Шымкент қаласынд тұрады. Отбасында әкесі, анасы, 2 ағасы және 3 інісі бар. Әкесі газ құбырын жүргізумен айналысады, ал анасы дүкенде сатушы болып қызмет етеді. Оқу бітіргеніне 1 жыл болды. Осы уақытқа дейін балаларды футболға дайындау мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарды. Белгілі себептермен ол жұмыстан шығуға тура келді. Болашақта үлкен футболды күнделікті жұмысына айналдыру арманы бар. Бала кезден келе жатқан бұл арманын орындау үшін барлық сынақтардан өтуге дайын.
Бексұлтан Сұлтанәлі
Шымкент қаласында туылды. Қазір Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында тұрады. Әкесі жүргізуші, ал анасы балабақшада тәрбиеші. Мектеп бітіріп, ҰБТ-ға дайындалып жатыр. Кәсіпқой мансапты бастау мүмкіндігі болса, кез-келген нәрсені тастауға дайын.
Бақытжан Маликов
Шымкент қаласында туылып, қазіргі таңда осы қалада тұрады. Отбасы 3 адамнан тұрады: анасы, інісі және Бақытжанның өзі. Анасы ауруханада қызмет атқарады, інісі мектеп оқушысы. Бақытжан қазіргі уақытта студент, және бос уақытын тек қана футболға арнайды. Барлығын тәуекел етіп, кәсіпқой футболшы болуға мақсат қойды.
Олжас Ибадуллаев
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылының тумасы. Қазіргі таңда Шымкентте тұрып жатыр. Отбасында әжесі, әкесі, анасы, 3 інісі, қарындасы бар. Әжесі мен анасы үйде, ал әкесі жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Өзі қазіргі таңда оқымайды. Мектепті бітіріп, 1 жыл Испанияда футбол академиясында ойнап, жаттықты. Өз алдына футболшы болу мақсатын қоюда.