Тараз
Финалисттердің өмірбаяны
Ақәділ Жұмәділ
Тараз қаласында туып өсті. Әкесі күзетші болып істейді, ал анасы балабақшада тәрбиелеуші болып жұмыс жасайды. Ағасы және әпкесі бар. Ақәділ биыл 11-ші сыныпты бітірді. Кәсіпқой футболшы болғысы келеді. Арманын орындау үшін бәріне баруға дайын.
Назар Дүйсенбек
Шымкент қаласында туып өсті. Әкесі темекі жеткізу фирмасында жұмыс жасайды, ал анасы ағылшын тілінен сабақ береді. Екі інісі және қарындасы бар. Назар орта мектепте оқиды, және балалар бапкері болып жұмыс жасайды.
Орынбасар Аманжол
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Анасы ауруханада ас таратушы қызметін атқарады, әкесі Орынбасар туылмай тұрып қайтыс болған. Әпкесі және ағасы бар. Орынбасар қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде оқиды, және жұмыс жасайды. Кәсіпқой деңгейдегі мансап үшін оқудан басқасының бәрін құрбан етуге дайын.
Дінмұхамедали Шарапов
Атырау қаласында туылған, ал қазіргі таңда Тараз қаласында тұрады. Отбасында анасы және апасымен бірге тұрады. Анасы мен әкесі ажырасқан. Анасы аспазшы болып жұмыс жасайды. Өзі футболға қатысады, осы жылы 11-ші сыныпты бітірді енді ЖОО-на түсуге дайындалып жүр. Егер финалдан өтсе, кәсіпқой футболшы болуға дайын.
Акром Закиров
Акром Тараз қаласында туып өсті. Отбасында 5 адам: әкесі, анасы, ағасы, әпкесі және де Акромның өзі. Әкесі жеке фирмада дәнекерші болып істейді, ал анасы цехте кондитер боылп жұмыс жасайды. Акром жұмыс жасамайды, Қайнар университетінде дене шынықтыру және спорт мамандағы бойынша білім алып жатыр. Басты мақсаты - кәсіпқой футболшы болу.
Мейірбек Жұмағали
Қызылорда қаласының тумасы. Әкесі жеке кәсіпкер, анасы жұмыссыз. Отбасылық жағдайы орташа. Отбасында:екі ағасы, бір інісі, бір қарыңдасы бар. Қазіргі таңда жұмыс істейді. Осы жылы оқуға түсейін деп жүр, бірақ футболдық мансап үшін жұмыстан шығып. оқудан бас тартуға дайын.
Сардарбек Гайратбеков
Шымкент қаласында туылған, және қазіргі танда осы қалада тұрып жатыр. Әкесі жүк көлігініі жүргізушісі, анасы үй шаруасымен айналысады. Екі қарындасы және екі інісі бар. Сардарбек футбол ойнауды жақсы көреді және де футболшы болу - алға қойған басты мақсаты.
Фархад Қуандық
Тараз қаласында дүниеге келді. қазіргі кезде Қызылорда қаласында тұрып жатыр. Анасы медицина саласында қызмет атқарады. Үлкен ағасы және де екі інісі бар. Фархад 6 жыл бойы футболмен айналысып келе жатыр, және осы мүмкіндікті жіберіп алмауға бар күшін салады.
Бекзат Нұржан
Түркістан Облысы, Төлеби ауданы, Бейнеткеш ауылында дүниеге келген. Әкесінде 3-ші топ санатындағы жүрек сырқаты бар. Анасы жұмыссыз, үй шаруасымен айналысады. Екі ағасы және бір қарындасы бар. Екі ағасы Нұр-Сұлтан қаласында құрылысшы болып қызмет атқарады, және отбасын асырап отыр. Қазіргі таңда Бекзат Шымкент Университеті Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 3 курс студенті. Футбол үшін оқуды тастауға дайын. Бекзат Алматы қаласына Super Bol реалити шоуының финалына келетін болғасын, ата-анасына қарау үшін жұмысынан ағасын шақыртты.
Расылбек Азамат Ерланұлы
Тараз қаласында туып өсті. Әкесі жиһазшы болып қызмет атқарады, анасы ауруханада жұмыс жасайды. Екіі қарындасы бар. Азамат Абай атындағы дарынды мектептің 11-ші сыныбына көшеді. Азамат оқуын құрбан етуге дайын.
Бақтыбай Ерсұлтан
Шымкент қаласында туып өскен. Әкесі инженер құрылысшы, анасы дәріханада меңгеруші болып қызмет атқарады. Екіі қарындасы бар. Ерсұлтан өзі осы жылы мектеп аяқтап. ЖОО тапсыруға дайын. Бірақ та, осы жоба үшін барлығын тастауға дайын, әрі кәсіпқой футболшы болуды армандайды.
Әлібек Халдар
Шымкент қаласында туып өскен. Әкесі экономист қызметінде, анасы жеке кәсіпке. Ағасы, қарындасы және де екі інісі бар. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы Қазақ-Түрік колледжінің 1 курс студенті. Футбол ойнауға өте құштар . Абылай Нұрмахан Тараз қаласында туып өскен. Анасы медбике болып ауруханада жұмыс атқарады, әкесі механик бригадир болып жұмыс істейді. Екі қарындасы бар. Абылай өзі қазіргі танда тек футболмен айналысады, және де алдыға қойған мақсатына алып келетін осы жоба екеніне кәміл сенімде.
Өркен Жантураев
Өзбекстанда дүние есігін ашты. Бүгінгі таңда Шымкентте тұрып жатыр. Әкесі жеке кәсіпкер, ал анасы үй шаруасымен айналысады. 4 әпкесі және ағасы бар. Еш жерде оқымайды және жұмыс жасамайды. Өркен 1 жыл бойы испаниялық футбол академиясында жаттықты. Өмірін футболға арнаған Өркен ары қарай да осы спортпен айналысуға құштар.