Семей
Финалисттердің өмірбаяны
Әлішер Байғалиев
Абай облысында, Семей қаласында тұрып жатыр. Отбасында 7 адам: анасы, әкесі, жары, егіз інілері, кенже інісі және Әлішердің өзі. Әкесі "Sembell" ЖШС-те бас директор болып жұмыс жасайды. Анасы "Адал" супермаркеттер желісінде директор. Әлішердің өзі компьютерлік графиканың операторы ретінде "Sembell" ЖШС-те жұмыс жасайды. Егер де Әлішерге клубпен келісім-шартқа отыру мүмкіндігі түссе, ол жұмысындағы мәселелерді шешпек.
Ануар Бақытбекұлы
Ануар Зыряновск қаласында дүние есігін ашты. Қазіргі таңда Семей қаласында тұрып жатыр. Отбасында 4 адам: әкесі, анасы, әпкесі және Ануардың өзі. Анасы балабақшада тәрбиелеуші болып жұмыс жасайды. Әкесі заңгер. Ануар РЖБК колледжін бітірді. Бүгінгі күні бос уақытын финалға дайындыққа жұмысауда. Профессионал болу үшін барын салуға дайын.
Арман Шотанов
Арман Семей қаласында тұрады. Отбасы 5 адамнан құрылған: әжесі - зейнеткер, анасы қазіргі танда жұмыссыз, екі інісі және де Арманның өзі. Арманда қазіргі таңда тұрақты жұмыс орны әлі болмай тұр. Дегенмен, осы жоба Арманның бала кезінен келе жатқан арманына жету үшін үлкен мүмкіндік ұсынып тұр. Кәсіпқой футболшы болу үшін Арман барлығына дайын.
Ұлан Кәкімжанов
Өскемен қаласында тұрады. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің 1-ші курс студенті. Орта білімі бар (колледж бітірген). Мейрамханада аспазшы болып жұмыс жасаған. Super Bol жобасына қатысу үшін жұмысынан шығып кеткен. Отбасындағы үлкен ұл. Інісі «Алтай» ФК-ның U-12 құрамында өнер көрсетеді. Әкесі мемлекеттік қызметкер. ШҚО қазынашылық департаментінде жұмыс жасайды. Анасы жұмыссыз.
Арнұр Берікұлы
Абай ауданында дүние есігін ашқан, қазіргі таңда Семей қаласында тұрады. Семей қаржы-экономикалық колледжінде оқиды. Әкесі Көкбай орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі, ал анасы Көкбай ауылының балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарады. Отбасында 5 адам: әкесі, анасы, ағасы, қарындасы және Арнұрдың өзі. Ағасы Алматы қаласы Тынышбаев атындағы теміржол академиясын бітірді. Қазіргі таңда футбол ойнайды. Арнұр кәсіпқой футболшы болу үшін барлығына дайын.
Владислав Левкович
Семей қаласында туып өсті. Отбасында 5 адам: анасы, әкесі, қарындасы, інісі және Владиславтың өзі. Анасы Ferrero компаниясында супервайзер болып істейді. Әкесі Bank Center Credit-те менеджер қызметін атқаруда. Владислав осы жылы 11-ші сыныпты бітіріп, университетке оқуға түсті. Шоуға қатысу үшін оқуын қиюға дайын.
Ғани Сұлтанов
Семей қаласында туып өсті. Отбасында 4 адам. Әкесі бокс бапкері, ал анасы Семей қаласының салық басқармасында жұмыс жасайды. Қарындасы колледжде оқиды. Ғани бүгінгі таңда «Семей» футбол орталығында бапкер болып жұмыс жасайды.
Даниил Потапов
Семей қаласында туып өсті. Ата-анасы Даниилдің тәрбиеленуіне атсалыспады. Бала кезінен бастап әжесінің қолында тәрбиеленді. Қазіргі таңда әжесімен тұруда. Екі әпкесі «Alikhan Bokeikhan University-де» білім алып жатыр. Даниил кәсіпқой мансабын жандандыру үшін барын салуға дайын.
Дилхат Бикенов
Семей қаласында туып өсті. Отбасының үлкен ұлы. Отбасында 8 адам: анасы, әкесі, үш інісі және 2 қарындасы. Әкесінде Семейде электронды құралдар дүкені бар. Дилхат колледж түлегі. Ол суперфиналды жеңгісі келеді. Бала кезінен футбол ойнап өсті. Іріктеулерге жиі қатысты, бірақ өзін жақсы жағынан көрсете алмай, футболға деген үмітін жоғалтты. Дегенмен, осы жылы өзін сынап Super Bol жобасында сынап көріп, енді өзін суперфиналда көрсету мүмкіндігін алды
Ерасыл Қабамбаев
Семей қаласында тұрады. Анасы салық инспекциясында бас маман ретінде істейді, ал әкесі теміржол фирмасында машинист болып істейді. Отбасында 4 адам: анасы, әкесі, әпкесі және Ерасылдың өзі. Ерасыл «Alikhan Bokeikhan University-де» дене шынықтыру мамандығы бойынша оқып, 2-ші курсқа көшті. Ерасыл кәсіпқой футболшы болу үшін барын салмақ.
Әли Қайрбеков
Семей қаласында, қарапайым қазақ отбасында дүние есігін ашты. Әкесі «Алель» компаниясында слесарь қызметін атқарады, анасы жедел жәрдемде дәрігер болып істейді. Отбасында 5 адам: әкесі, анасы, екі ағасы және де Әлидің өзі. Әли «Alikhan Bokeikhanov University-де» оқиды. Футбол үшін барын салуға дайын.
Михаил Зинковский
Семей қаласында туып өсті. Анасы есепші, әкесі теміржолшы болып жұмыс істейді Інісі бар. Михаилдің өзі №40 мектепте оқиды. 11-ші сыныпқа көшті. Болашақ кәсіпқой футбол мансабы үшін оқуын қиюға дайын.