Павлодар

Финалисттердің өмірбаяны

Жалғас Омарбеков 

Павлодар қаласында туып өсті. Көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі 1 топтағы мүгедек, ал анасы қазіргі таңда жұмыссыз. Бір әпкесі және 3 інісі бар. Жалғастың өзі Түсті металлургия колледжінде білім алуда, бүгінгі таңда жұмыс істеп жүрген жоқ. Футболшы болу үшін барын салуға дайын.

Роман Гритынюк 

Павлодар қаласында туып өсті. Бүгінгі таңда әжесімен тұрып жатыр. Анасы жұмыссыз. 7 жасар қарындасы бар. Роман 9-ыншы сыныпты бітірді. Кәсіпқой футболшы болу үшін оқуын құрбан етуге дайын.

Дмитрий Бушмелев 

Павлодар қаласында туып өсті. Отбасында жалғыз ұл. Анасы дүкенде сатушы боп істейді, ал әкесі жүргізуші. Ата-анасы бұрын регбист спортшылары. Дмитрийдің өзі мектепте оқиды. Ол футбол үшін және өзінің армандары үшін оқуын қиюға дайын.

Eвгeний Cepeдa 

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың ауылында тұрады. Отбасында 7 адам: әкесі, анасы, әпкесі, інісі, қарындасы, және Евгенийдің өзі. Әкесі "Майкаин-Золото" АҚ-ында дәнекерші болып істесе, анасы "Керегетас" ФАО-да конвейер машинисті болып істейді. Евгений Павлодар қаласында машина жасау колледжінде 3-ші курсты аяқтады. Егер де Евгенийге келісім-шартқа отыру мүмкіндігі туса, оқуындағы мәселелерді шешуге дайын

Eлaмaн Қaлиeв 

Павлодар облысы, Ақсу қаласында туып өсті. Әкесі ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді, анасы үй шаруасындағы әйел. Ағасы 2-інші курста, ал 2 қарындасы мектепте оқиды. Еламанның өзі Еуразия Инновациялық университетінің жоғары колледжінде 4-ші курста "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша оқиды. Өз болашағын спортпен байланыстырғысы келеді.

Əбeн Əдiлнaзap 

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып өскен. Отбасында әкесі ұстаз, анасы режиссер. Әпкесі, інісі және де қарындасы бар. Әділназар өзі 11 сыныпты бітірді. Кәсіпқой футболшы болу үшін оқуын құрбан етуге дайын.

Əбypaxым Қaбидeн 

Павлодар қаласында туып өсті. Отбасында 4 адам: анасы, әкесі, інісі және Әбурахым. Анасы тұтынушылармен жұмыс істеу бойынша менеджер болып, ал әкесі Бастау жобасының білім беру сапасын зерттеу бойынша консултант болып істейді. Әбурахим М.Канапьянов атындағы колледжінде оқып, емтихандарын тапсырды. Армандарын орындау үшін бәрін құрбан етуге дайын. 

Жaқcылық Keнжeбaeв 

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың ауылында туып өсті. Бүгінгі таңда Павлодар қаласында тұрып жатыр. Әкесі жүргізуші, ал анасы медбике болып істейді. Жақсылық өзі зауытта жұмыс жасайды. Өзінің балалық арманын орындау үшін барын салуға дайын.