Астана

Финалисттердің өмірбаяны

Алдияр Жұмабаев 

Нұр-Сұлтан қаласында туып өсті. Отбасында 5 адам. Әкесі механик, анасы медбике. Қарындасы мен інісі бар. Алдияр Еуразиялық Ұлттық Университетінің 3-ші курсын бітірді. Келісім-шартқа отыру мүмкіндігі пайда болға жағдайда Алдияр оқуында мәселелерді шешуге дайын.

Асар Айтқазы 

Асар Қостанай облысы, Амангелді ауылында туып-өсті. Қазір Қостанай облысындағы Арқалық қаласында тұрады. Отбасында 11 адам бар. Әкесі құрылыста жұмыс істейді, анасы үй шаруасымен айналысады, әжесі зейнеткер. Екі ағасы, екі әпкесі, женгесі және екі қарындасымен бірге үлкен отбасында тұрады. Асар Арқалық педагогикалық институтта дене шынықтыру пәні бойынша 1 курс студенті. Кәсіпқой футболшы болу мақсатын алдыға қойып отыр.

Дамир Амандық 

Қызылорда қаласында туылды. Қазіргі таңда елордада тұрып жатыр. Әкесі теміржолда диспетчер болып, ал анасы университетте мұғалім болып жұмыс жасайды. Ағасы және 3 інісі бар. Өзі университетте оқиды, бірақ футбол үшін бәрін құрбан етуге дайын.

Арслан Базғали 

Қостанай обл, Қарабалық ауданында дүниеге келді. Үйленген. Әскери бөлімшеде командирі болып қызмет атқарады. Анасы зейнеткер, ал ағасы мектеп мұғалімі. Ұлы бар. Футбол үшін өз жұмысы мен уақытын кұрбан етуге дайын.

Аянхан Дунайбек 

Талдықорған қаласында дүниеге келген, кейін елордаға көшіп кеткен. Отбасында 7 адам: анасы, жұбайы, ағасы, женгесі, қарындасы, бауыры және өзі. Анасы менеджер болып қызмет атқарады. Әкесі Дунайбек 3 жасында болғанда дүниеден өткен. Дунайбек Нұр-Сұлтан қаласындағы әуесқой футбол командаларда ойнаған. Реалити-шоу үшін шағын кәсібін құрбан ете алады.

Қанат Нұрмұратов

Өзбекстан елінде туылды, ал бүгінгі таңда Қарағанды облысы,Тамдыбұлақ ауданы, Саран қаласында тұрады. Әкесі құрылыста істейді, ал анасы мектепте техникалық қызмет атқарады. Қазіргі танда ОРМБЖМ Спорт мектебінде бапкер қызметінде жұмыс атқарады. Осы жобаға өту үшін барын салуға дайын.

Алихан Мунарбаев 

Елордада туып өскен. Анасы мен әкесі ажырасқан, анасы бір өзі отбасын асырап отыр. 5 баланың үлкені Алихан. Қазіргі таңда мектеп бітірді, футболды болашақ мансабы ретінде қарастырады.

Алибек Бегманов 

Көкшетау қаласының тумасы. Әке-шешесі ажырасқан, анасымен тұрып жатыр. Анасы медбике болып қызмет атқарады. Әлібек өзі түрік тілінің курстарын өтуде. Келісім-шартқа отыру мүмкіндігі болғанда өте қуанышты болмақ. Бұл - анасына көмек берудің үлкен мүмкіндігі, және Әлібек өз арманын орындағысы келеді.

Руслан Нейфельд 

Қарағанды қаласында туып өсті. Отбасында тек қана әжесі мен тәтесі бар. Әкесі Руслан 3 жасар бала болғанда қайтыс болды. Анасы отбасыдан бқлек тұрады. Әжесі дүкенде сатушы болып жұмыс жасайды, ал тәтесі супервайзер. Руслан колледжді бітірді, және футбол ойнау арманын орындау үшін бәрін құрбан етуге дайын.

Тамерлан Темиржанов

Нұр-Сұлтан қаласында туып өсті. Ағасы, 3 інісі бар. Әкесі құрылыста жұмыс жасайды, анасы үй шаруасымен айналысады. Өзі менеджмент пен бизнес колледжінің 3 курс студенті. Келісім-шартқа отыру мүмкіндігі болса, оқуындағы барлық мәселелерді шешпек.

Алихан Ибраев 

Тараз қаласында туып өсті. Бүгінгі таңда елордада тұрып жатыр. 2 әпкесі мен інісі бар. Әкесі әскери полковник, PhD докторы. Ұлттық қорғаныс университетінде қызмет атқарады. Анасы есепші. Алиханның өзі бүгінгі таңда ЕҰУ-да футбол бапкері мамандығы бойынша оқу алып жатыр. Реалити-шоуғақ атысу үшін қажырлы еңбек етіп, өзінің барлық күшін көрсетуге дайын.

Арман Абильдинов 

Нұр-Сұлтан қаласында туып өсті. Әкесі Азаматтық қоғам орталығында жұмыс жасайды, ал анасы жұмыс жасамайды. Арман 2021 жылы мектеп бітірді, және биыл ЖОО түсуді жоспарлап отыр. Футбол бапкері болып жұмыс жасайды. Кәсіпқой клубпен келісім-шартқа отыру мүмкіндігі түскен жағдайға оқу мен жұмысындағы мәселелерді шешуге дайын.

Азамат Зинадин 

Азамат Жезқазған қаласында дүниеге келген. Бүгінгі таңда Алматыда түрып жатыр. Әкесі автокранда жұмыс жасайды, ал анасы балабақша тәрбиелеушісі. Ағасы барбер болып жұмыс жасйады. Азамат 9-шы сыныпты бітірді, және футбол үшін бәріне дайын.

Ерсултан Тажимуканов 

Нұр-Сұлтан қаласында туып өсті. Анасы «Самрұқ-Қазына» АҚ канцеляриясында жұмыс жасайды. Әкесі 7 жыл бұрын дүниеден озды. Ерсултан Қазақ-агротехникалық университетінің 3-ші курс студенті. Футболшы болу арманын орындау үшін күресуге дайын.

Шахмурза Адырбеков 

Алматы қаласында туып өсті. Әкесі жеке кәсіпкер, ал анасы үй шаруасымен айналысады. Шахмурза 10-шы сыныпты бітірді. Арманын орындау үшін соңына дейін күресуге дайын.