Алматы
Финалисттердің өмірбаяны
Адлет Кожатаев
Талдықорған қаласында туылды. Бүгінгі таңда Алматыда тұрып жатыр. Анасы канцелярияның меңгерушісі болып сотта жұмыс жасайды, ал әкесі логист. Адлеттің өзі спорт және туризм университетінде оқып жатыр. Сондай-ақ, супермаркетте жұмыс жасайды. Өзінің болашағын футболмен байланыстырғысы келеді.
Самир Мустафаев
Қаскелең қаласында туып өсті. Отбасында 5 адам: анасы, әкесі, екі қарындасы және Самирдің өзі. Анасы мен әкесі жеке кәсіпкерлер. Самир Талғар қаласындағы лицейде оқиды. Футболшы болуды армандайды.
Корганбек Жанибек
Алматыда туып өскен. Отбасында 4 адам: анасы, ағасы, әпкесі және Жанибектің өзі. Анасы театрда актриса болып жүмыс жасайды. Жанибек спорт пен туризм колледжінде оқып жатыр. Кәсіпқой клубпен келісім-шартқа отыруды мақсат етіп отыр.
Темирбеков Эмирхан
Қырғызстанда, Бішкек қаласында тұрып жатыр. Отбасында 2 адам: әпкесі және Эмипханның өзі. Анасы қайта тұрмыс құрған. Әкесі Эмирхан 2 жаста болғанда дүниеден озған, ал әпкесі тұрмыс құрды. Бүгінгі таңда әкесінің әпкесімен тұрып жатыр. Өзі 9-ыншы сыныпты бітірді. Кәсіби футболшы болуды армандайды.
Серенов Гани
Алматы қаласында туып өсті. Әкесі перзентханада жұмыс жасайды, ал анасы сән салонында мастер болып істейді. Гани мектепте отырып жатыр. Алға қойған мақсатына жету барысындағы кез-келген қиыншылықтарды жеңетініне сенімді.
Габбас Назар
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туып өсті. «Ақжайық» футбол клубының жастар командаыснда өнер көрсетті. ҚазБСҚА-ның студенті. Назар өзі «Jeyran» балалар футбол клубыгнда бапкер болып жұмыс жасайды. UEFA-ның D категориясын иеленген кәсіпқой бапкер. Футболшы болуды бала кезінен армандаған Назар осы арманы орындалмай қалады деп ойлағанмен, осы жобаны көріп, өз күшін сынамақшы.
Мусаев Эмин
Алматы қаласында туып өсті. Ата-анасы спорт дүкенін иеленген жеке кәсіпкерлер. Өзі 9-ыншы сыныпты бітірді. Болашақта футболды кәсіпқой деңгейде ойнайтынына үміті зор.
Даутов Расул
Расул Семей қаласында туып өсті. Өзі Алматы қаласында өткен соңғы кастингіге келіп, сәттілікпен ақтық кастингіге өтті. Бұл оның 3-ші мүмкіндігі болды, және осы кастингіге келу үшін ол 2 емтиханын жіберіп алды. Осылай тәуекел етіп, финалға өткен Расул кәсіпқой футболшы болу үшін қажырлы еңбек етпек.
Қаңтарбай Абылай
Алматы қаласында туылып өсті. Әкесі инженер, ал анасы HR маманы. Өзі 10-шы сыныпты бітірді. Футболда жолы болып, кәсіпқой деңгейге өткісі келетінін айтты.
Мукаметжанов Аманжол
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүние есігін ашты. Отбасында 6 адам: әкесі, анасы, ағасы, әпкесі мен інісі, және Аманжолдың өзі. Әкесі кәсіпкер. Өзі Шонжы ауылында спорт методисі болып жұмыс жасайды. Болашақта футболды жоғары деңгейде ойнағысы келеді.
Мұханбет Қылышбек
Алматы қаласында туып өсті. Отбасында 6 адам: әкесі, анасы, ағасы, әпкесі, інісі, және Қылышбектің өзі. Әкесі университетте мұғалім болып жұмыс жасайды, ал анасы мектепте сабақ береді. Өзі 10-шы сыныпты бітірді. Super Bol жобасында бағы жануына сенеді.