Ақтобе

Финалисттердің өмірбаяны

Teмipxaн Қaлбaeв 

Өзбекстанда дүние есігін ашты. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында тұрады. Қарапайым отбасынан шыққан. Отбасы 4 адамнан құрылған: әкесі, анасы, ағасы және Темірханның өзі. Әкесі вахтада жұмыс істейді, анасы күзетші. Темірхан өзі 11-ші сынып оқушысы. Кәсіпқой футболшы болуға дайын. 

Taиp Бepдeнoв 

Ақтөбеде туып өсті. Отбасында екі адам: анасы, және Таирдың өзі. Әкесі былтыр ауыр дерттен қайтыс болды. Ол кезде Таир әскердегі борышын өтеп жатқан еді. Өзінің арманын орындау үшін Таир барлығын беруге дайын, өйткені ол үшін қиын таңдау жасайтын кез келді. Анасы жұмыссыз болғасын, ол оған көмектесуі қажет. Оларға тәтесі көмектесуде, бірақ ары қалай бұлай жалғаса бермеуі қажет. «Super bol!» жобасы Таир үшін кәсіпқой футболға өтіп, жанұясына көмек беру мүмкіндігін ұсынып отыр. 

Ислам Махмұт 

Алматы қаласында дүниеге келген. Мектеп пен университетті Қарағанды қаласында бітірді. Осы қалада «Шахтер» футбол клубында айналысты. Отбасында 6 адам: әкесі, анасы, аға-інісі, қарындасы және Исламның өзі. Әкесі, өз уақытысыңда самбодан әлем кубок иегері, Азия чемпионы болған, анасы оператор болып қызмет атқарады. Ислам өзі жұмысқа орналасып, осы жоба үшін зауыттағы жұмысынан шығып кетті. Реалити шоуға қатысып, болашақта кәсіпқой футболшы болуға ниеті бар.

Әлібек Жәрдемов 

Ақтөбеде туып өсті. Анасы балабақшада тәрбиелеуші болып істесе, әкесі жүргізуші қызметін атқарады. Қарындасы мектепте оқиды. Әлібек кәсіпқой футболшы атануға дайын.

Қайсар Мажитов 

Ақтөбе қаласының тумасы, қазірге таңда осы қалада тұрып жатыр. Отбасында 5 адам: ата-анасы, 2 әпкесі және Қайсардың өзі. Ата-анасы жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Қайсар өзі Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Қазіргі уақытта магистратураға түсуге дайындық жасап жатыр. Германиядағы оқу орнына түспек. Финалдан өткен жағдайда кәсіпқой футболшы болуға дайын. 

Жәңгір Қаблов 

Оралдың тумасы, қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласында тұрып жатыр. Әкесі метал құрастырылым монтажшысы болып вахтада жұмыс жасайды, ал анасы есепші. Жәңгір биыл 11-ші сыныпты бітірді. Бос уақытында әртүрлі жұмыстарды жасайды. Футболдық мансап үшін 200%-ға берілуге дайын. 

Мадияр Пиралиев 

Ақтөбеде туып өсті. Отбасында 4 адам. Анасы ғылыми-тәжірибелік орталықта жұмыс жасайды. Інісі және қарындасы бар. Мектеп оқушысы. Осы шоудың финалында өзінің бағын сынап көрмекші.