Ақтау
Финалисттердің өмірбаяны
Руслан Хасенов
Ақтауда туып өсті. Анасы жұмыс жасамайды, ал әкесі 5 жыл бұрын дүниеден озды. Ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысады. Финалға келу үшін билетті несиеге алды. Футболды жан-тәнімен сүйеді және кәсіпқой футболшы болып, өз анасына көмектескісі келеді.
Рауан Қалабаев
Ақтау қаласында туып өсті. Отбасында 5 адам: әкесі мастер болып жұмыс жасайды, анасы үй шаруасындағы әйел. Екі інісі және зейнеткер әжесі бар. Туған қаласындағы университетті бітірді. Қазіргі таңда жұмыссыз. Өзінің арманын орындау үшін 100%-ға берілуге дайын.
Ислам Әуезов
Ақтау қаласында туып өсті. Әкесі Қаражанбас компаниясында мұнайшы болып істейді, ал анасы жұмыссыз. Екі әпкесі және ағасы бар. Бүгінгі таңда Ислам жұмыс жасамайды. Қашықтықтан білім алып жатыр. Өмірінде футболға үлкен басымдық береді, және финалға өтіп, кәсіпқой футболшы атанғысы келеді.
Еламан Түлиев
Еламан Ақтау қаласында тұрып жатыр. Әкесі кәсіпкер, ал анасы педиатр. Отбасындағы ең үлкен бала. 2018 жылы әскери борышын өтеп, 2019 жылдан бері жұмыс жасап жатыр. «Каспий» және «Оқжетпес» кәсіпқой футзал клубтарында жаттықтықты, бірақ негізгі құрамға ілікпеді. Бүгінгі таңда «Dental Art» әуесқой командасында капитан. Біздің жобаны көріп, бала кезіндегі арманын орындап, үлкен футболда кәсіпқой деңгейде ойнағысы келетінін түсінді. Финалдық кезеңге өтіп, тәуекелге барып, жұмысынан шығып кетті. Суперфиналды жеңуге деген ынтасы толы.
Бауыржан Сатыбай
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келді. Ата-анасымен бірге тұрады, қарындасы бар. Анасы ТОО KMG EP Catering фирмасында аспазшы болып істейді. Әкесі қазіргі уақытта жұмыссыз. Спорт мектебінде футбол бапкері болып жұмыс жасайды. Кәсіпқой мансабы үшін әрі аңсаған арманы үшін бәріне дайын.
Бекболат Қалдыбаев
Ақтау қаласында туып өсті. Отбасында анасы, әпкесі, ағасы, қарындасы және Бекболаттың өзі бар. Анасы инженер-құрылысшы болып жұмыс жасайды. Өзі үйленген, ұлы бар. Жүзу жаттықтырушысы болып жұмыс жасайды, сонымен қатар футболдан жаттығуға барып жүреді. Демалыс күндері ойындарға қатысады. Футбол - Бекболат үшін өмір. Біздің жоба кәсіпқой деңгейге өтетін үлкен мүмкіндік ұсынып тұр, және де Бекболат сол үшін бәріне дайын.
Айбар Спанов
Ақтауда туып өсті. Әкесі мұнай саласында білім алды, бірақ қазіргі таңда жұмыссыз. Анасы тігінші болып жұмыс жасайды. 2 ағасы және інісі бар. Айбар «Каспий» футбол клубында қақпашы бапкері қызметін атқарады. Финалға қатысып, алға қойған мақсатына жетуге дайын.
Айзада Қартбай
Ақтау қаласында туып өсті. Отбасында 5 адам. Анасы Қаражанбасмұнай компаниясында жұмыс жасайды, әкесі сол компанияда моторист болып жұмыс жасайды. Ағасы мемлекетті қызметкер, ал екінші ағасы Қаражанбасмұнайда электромонтер болып жұмыс жасайды. Айзада 9 сыныпты бітірді. Өзінің финалдағы орны үшін барын салып күресуге дайын.